Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы қақтығысқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы қақтығысқа пікір білдірді x.com/RTErdogan

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдіріп, болған қайғылы оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынасқа орны толмас залал келтірмеді деген үмітін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдіріп, болған қайғылы оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынасқа орны толмас залал келтірмеді деген үмітін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркия Әзербайжанмен де, Ресеймен де терең дипломатиялық және стратегиялық қатынастарға ие. Біз бұл шиеленісті мұқият бақылап отырмыз және барша тарапты сабыр сақтауға шақырамыз. Бұл қайғылы оқиғалар Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасқа орны толмас залал келтірмеді деген үміттеміз", - деді Түркия басшысы.

Ердоған бұл мәселені шешуге екі тарап түсіністік танытатынына сенім білдірді.

"Біз бұл мәселені шешу үшін жасалуға тиіс қадамдарды қолдаймыз. Басты мақсатымыз - тұрақтылыққа жету жолында көп күш жұмсалған аймақта кенеттен шиеленіс туындауына жол бермеу. Кавказ тағы бір қақтығысты көтере алмайды", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, Түркия президенті Зәңгезур дәлізін іске асыру және Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мәселесіне де назар аударды.

Маусымның аяғында Ресей мен Әзербайжан арасында дипломатиялық дағдарыс туындады. Ол Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасы өкілдерінің кісі өлтіру ісі бойынша ұсталуынан кейін басталды. Ұсталған Гусейн және Зияддин Сафаров есімді ағайындылар қаза тапты. Олардың денесінен соққы және азаптау белгілері табылғаны хабарланды.

Бұған жауап ретінде Әзербайжан билігі түрлі қылмыстарға күдікпен ресейліктерді жаппай ұстауды бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети