Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Арменияда өткен Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек уулуына есе жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт Шредингера" басылымына сілтеме жасап.
Жекпе-жек ММА қолғабында, бокс ережесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрланбек уулуына берді. Қырғызстандық файтер раундтар есебінде 3:0 нәтижесімен басым түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Тоқтардың жеті жеңістен тұрған сериясы үзілді. Бастапқыда Тоқтар мен Нұрланбек уулуының жекпе-жегі 2025 жылғы ақпанда Nomad Fighting 12 турнирінде өтуі керек болған, алайда сол кезде қырғызстандық файтер айқасқа екі күн қалғанда кездесуден бас тартқан еді.
Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт поп-MMA-да өнер көрсеткен актер, кейін кәсіби MMA-ға ауысып, қазір 11-3 рекордын тіркеп отыр.
Биыл Тоқтар Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша Қазақстаннан шыққан UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде бұрын екінші орында тұрған Шавкат Рахмоновты басып озды. Қазір Еркебұланға 2,2 миллион адам тіркелген, ал Шавкатқа - 1,8 миллион.
Осылайша, Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы MMA әлеміндегі ең танымал файтер атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!