Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді. Ол әйелімен бірге келді.

"Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын", - деді Мәжіліс спикері.

Бұған дейін Астанада премьер-министр Олжас Бектенов те дауыс берген болатын. Үкімет басшысы №66 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-лицейде өз таңдауын жасады.

Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.

Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.

Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.

Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети