Ермек Маржықпаев министр болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Маржықпаев министр болып тағайындалды Ақмола облысы әкімдігі

Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған. Ол - Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), Тұран университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астанада № 29 орта мектепте денешынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

1992-1993 жылдары Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентiнде № 7 орта мектептің тарих мұғалiмi, 1993-1994 жылдары "Шонай" ШЖК директоры, 1994-2008 жылдары "Береке-Бурабай" ЖШС директоры болды.

2008-2012 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмі, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болды.

2015-2019 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi болса, 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети