Есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды Фото:depositphotos.com

Бас прокуратураның сұрауымен Ресейден Қазақстанға есірткі сатушы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратураның сұрауымен Ресейден Қазақстанға есірткі сатушы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2014 жылы адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі сатқан. 66 келі марихуана мен 8 келі гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлері оны ұстаған.

Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталған. Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

"Сол уақыт ішінде ол соттан бой тасалаған, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланып, 6 жылдан аса уақыт жасырынған. Былтыр желтоқсанда іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.


Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети