Гагауздар мен құмықтар: Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гагауздар мен құмықтар: Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады? Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, қазір Қазақстан халқының саны - 19 808 430 адам.

"Оның ішінде 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар", - делінген хабарламада.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың жалпы санынан көпшілігі - 428 мыңы Алматыда тұрады, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

"Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети