Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болды Фото: gov.kz

Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен: Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.

2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы,

2004-2005 жылдары Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің (Алматы қ.) маманы,

2005-2006 жылдары Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы,

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы,

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы,

2011-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары,

2017-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы болып қызмет етті.

2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети