“Халық кеңесіне үлкен үміт артамын“ - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Халық кеңесіне үлкен үміт артамын“ - Тоқаев Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстанда заң шығару бастамасы құқығына ие жаңа консультатив орган құрылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа құрылым Халық кеңесі деп аталады.

"Мен жаңа консультатив орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады", - деді Тоқаев.

21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети