Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді Кадрлер видеодан

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, Қасымбаев пен басқа да күдіктілерге қатысты іс айыптау актісімен бірге 21 шілдеде прокуратураға түскен.

"29 шілдеде облыс прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді", – деп хабарлады ведомство.

Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылды?

Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау баптары бойынша тергеу жүргізілген.

Бұған дейін жәбірленуші Алишер Алишевтің адвокаты мәлімдегендей, Қасымбаевқа ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару бабы бойынша айып тағылмаған.

Сондай-ақ, Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленушінің пайда болғаны да бұған дейін белгілі болған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың (Полаттың) атышулы өліміне байланысты аталған болатын.

Оны Талғарда "Хуторлық бригаданың" басшысы деп атайды. Ол 2024 жылғы 5 қарашада қамауға алынған.

Полиция мәліметінше, Қасымбаевтың 2021 жылдың маусымында Талғарда аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрып-соғу мен ұрлауға қатысы болуы мүмкін. Ол кезде топпен шабуыл жасау және адам ұрлау фактілері видеоға түсіп қалған. Видеодағы жәбірленуші – аралас жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Алимов екені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети