18 қазан 2024 | 19:34

HFS және almaPLUS жаңа ағындық сервисі: әрбір қазақстандық үшін контент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ баспасөз қызметі Фото: "Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан нарығында мүлдем жаңа стриминг қызметі - Kino Köru пайда болды. Онлайн-кинотеатр HFS (Halyk finservice, Halyk тобы) және Қазақстанның жетекші телеком-операторларының бірі almaPLUS серіктестігімен іске қосылды. Платформа еліміздегі ең үлкен ойын-сауық контенті кітапханасы болуға уәде беріп отыр.


Қазақстан нарығында мүлдем жаңа стриминг қызметі - Kino Köru пайда болды. Онлайн-кинотеатр HFS (Halyk finservice, Halyk тобы) және Қазақстанның жетекші телеком-операторларының бірі almaPLUS серіктестігімен іске қосылды. Платформа еліміздегі ең үлкен ойын-сауық контенті кітапханасы болуға уәде беріп отыр.

Kino körü-дің көрермендері эксклюзивті ойын-сауық және спорт контентінен рахаттана алады.

Жазылым 80 000-нан астам фильмдер, сериалдар және ең үлкен ТВ арналар таңдауына қолжетімділікті ашады. "Караоке" функциясы пайдаланушыларға өз құрылғыларында кез келген уақытта және жерде сүйікті музыкалық композицияларды орындауға мүмкіндік береді.

"Kino körü" жазылымына стриминг нарығының мастодонттары Amediateka, viju, Premier, Megogo және тағы басқа контент кітапханалары кіреді, олар ай сайын жаңа контентпен толықтырылып отырады. Qazaqsha және SilkMediaChannels каталогтарының арқасында пайдаланушылар сүйікті Голливуд фильмдерін қазақ тілінде көре алады. Halyk тобының серіктес жобасы Қазақстанда онлайн-продакшнның дамуына тағы бір үлкен қадам болып табылатын, түпнұсқалы қазақстандық контентті әзірлеуге және көрсетуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Сергей Хомутов, "Алмателекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ-ның коммерциялық мәселелер бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

"Kino körü" жазылымының эксклюзивті артықшылықтары арасында "SETANTA SPORT KZ+" спорт арнасының болуы, онда ең үздік спорттық оқиғаларды (EPL, MotoGP, Formula 1, KHL, UFC) трансляциялау және ЛЧ, ЛЕ, ЛК матчтарынан тікелей эфирлерді қайта көрсету, интуитивті интерфейс, әр отбасы мүшесіне арналған жеке профильдермен қарау тарихын сақтау, жазылымдарды басқарудың қарапайымдылығы және kino.kz (гиперссылка: https://kino.kz/kk) және Halyk SuperApp ішінде төлем жасау мүмкіндігі бар.

"Halyk Bank" басқармасының орынбасары Нариман Мұқушевтің атап өткеніндей, кез келген клиент кино.kz арқылы мобильді қосымшада тек бірнеше шерту арқылы kino körü жазылымын қосуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, төлемді HalykSuperApp қосымшасы арқылы жасауға болады.

Фото: "Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ баспасөз қызметі

Қосымша Android және iOS негізіндегі барлық мобильді құрылғыларға қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

PR
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.61   525.29   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети