Хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды instagram.com/kazakhstanhockey

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Жапония командасын жеңіп, чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Жапония командасын жеңіп, чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын басталғаннан кейін 5 минут өткенде Қазақстан құрамасы алғашқы гол соқты. Роман Старченко мен Максим Мусоровтың пасынан кейін шабуылшы Кирилл Ляпунов көзге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Ice Hockey Federation (@kazakhstanhockey)

Алайда алғашқы жиырма минуттың аяғына таман Жапония құрамасы есепті теңестірді - 1:1.

Екінші кезеңде қазақстандықтар 3 шайба соғып, жапондар бір голмен ғана жауап берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Ice Hockey Federation (@kazakhstanhockey)

Шабуылшы Роман Старченко Эдуард Михайлов пен Максим Мусоровдың пасынан кейін гол соқты.

Бірнеше минуттан соң Роман Старченко тағы бір гол соқты, бұл жолы оған Олег Бойко мен Батырлан Мұратов пас берді.

Үшінші кезеңде жапондар бір шайбыны қайтарып алды, бірақ Қазақстан құрамасы матчті овертаймға жеткізбей, жеңісті уыстан шығармады.

Ойынның қорытынды есебі - Қазақстан құрамасының пайдасына 4:3.

Еске салайық, 2024 жылғы 6–9 қараша аралығында Алматыда өткен алғашқы турнирде де Қазақстан құрамасы кубок жеңіп алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети