Илон Маск балаларға арналған чат-бот әзірлеп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск балаларға арналған чат-бот әзірлеп жатқанын айтты Фото:depositphotos.com

SpaceX компаниясының басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск xAI стартапы жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасауды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpaceX компаниясының басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск xAI стартапы жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасауды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа сервис Baby Grok деп аталады.

"Біз xAI аясында Baby Grok жасап жатырмыз. Бұл балаларға арналған (қауіпсіз) контентті ұсынатын қосымша болады", - деп жазды Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

SpaceX Масктың xAI стартапына 2 миллиард доллар инвестиция салмақ.

Айта кетейік, Илон Маск биыл ақпанда Grok 3 нұсқасын "Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект" деп атаған болатын. Алайда шілдеде Grok чат-боты дауға қалды: танымал бот X желісінде қолданушылардың сұранысына жауап ретінде антисемиттік пікірлер айтып, Адольф Гитлерді мадақтап, өзін "меха-Гитлер" деп атаған. Қолданбаны әзірлеушілер бұл жазбаларды жедел өшіріп, мәтіндік жауаптарға шектеу қойды. xAI компаниясы мәселені шешіп жатқанын және сүзгіні күшейткенін мәлімдеді.

Бұл оқиға Масктың көптен күткен Grok 4 нұсқасын таныстыруына дайындық кезінде болған. Ол жаңа нұсқаның айтарлықтай жетілдірілетінін уәде еткен, бірақ нақты қандай өзгерістер болатынын әлі ашып айтқан жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети