Иранда Нобель сыйлығының лауреаты ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда Нобель сыйлығының лауреаты ұсталды nobelprize.org

Ирандық құқық қорғаушы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Наргиз Мұхаммади елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында заңгер әрі құқық қорғаушы Хосров Аликордиді еске алу рәсімі кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирандық құқық қорғаушы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Наргиз Мұхаммади елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында заңгер әрі құқық қорғаушы Хосров Аликордиді еске алу рәсімі кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Мұхаммади қорының айиуынша, марқұмды еске алу жиынына қатысқан оның ағасы Мехди тұтқындауды растаған. Құқық қорғаушының топ мүшелерінің бірі (аты-жөнін жарияламауды сұраған) газетке берген мәліметінде, Мұхаммади Аликорди қайтыс болғаннан кейін Мешхедте жасаған мәлімдемелеріне байланысты ұсталған болуы мүмкін екенін айтқан.

Құқық қорғаушылар Аликордидің "жұмбақ" қазасына байланысты наразылық білдіру үшін жиналған.

Мұхаммадидің отбасының айтуынша, қауіпсіздік күштері мен полиция жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, күш көрсеткен. Мұхаммадидің күйеуі Тағи Рахмани Парижде жүріп The Guardian-қа әйелінің ғана емес, сол сәтте бірге ұсталған басқа да құқық қорғаушылардың тағдырына алаңдайтынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от اخبار جمهور (@akhbarjomhour)

Иран билігі 53 жастағы белсендінің ұсталуына қатысты әзірге ресми пікір берген жоқ. Ол жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қайтадан түрмеге қайтарылып-қайтарылмайтыны да белгісіз. Мұхаммадиді қолдаушылар бұрын оның қайтадан темір торға тоғытылу қаупі бар екенін ескерткен.

Иранның мемлекеттік телеарнасы қала губернаторы Хасан Хоссейниге сілтеме жасап, "нормаға сай емес" ұрандар айтылғандықтан, прокурорлар қауіпсіздік күштеріне рәсімге қатысушылардың кейбірін уақытша ұстауды тапсырғанын хабарлады. Хоссейни мұны жиналғандарды топ қысымынан қорғауға бағытталған алдын алу шаралары деп сипаттаған.

Былтыр желтоқсанда босап шыққанға дейін Мұхаммади 2021 жылғы қарашадан бері өлім жазасына қарсы науқаны және әйелдерге хиджабты міндеттеу саясатына қарсылығы үшін тағылған айыптар бойынша түрмеде отырған.

Қолдаушылары оның түрмеде бірнеше рет жүрек талмасы ұстап, 2022 жылы шұғыл ота жасалғанын айтқан.

Мұхаммади белсенділігін тоқтатпай, қоғамдық наразылықтарға қатысып, халықаралық БАҚ-та көрінді, соның ішінде бұрын өзі отырған Тегерандағы Эвин түрмесінің алдында өткен акцияға да қатысқан.

Оған 2023 жылы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети