Испанияда орын алған қарсылық кезінде Мадрид көшелеріндегі тәртіпсіздіктен 88 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Utro.ru. БАҚ таратқан мәлімет бойынша, көшедегі қарсылық акциясында полицейлермен арада болған төбелестен кейін жағдай ушыға түскен. Қарсылық акциясы ел үкіметі бірқатар салада үнемдеу шарасын жүзеге асыра бастағаннан кейін орын алған. Мадридтегі тәртіпсіздік оппозиция өкілдері ұйымдастырған "Лайықтылар маршын" өткізгеннен кейін орын алды. Оған алты бірдей провинцияның тұрғындары қатысты. Испания үкіметіне қарсылық акциясын кәсіподақ мүшелері, азаматтық қызметкерлер мен ипотека алғандардың құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қолдап отыр. Олар билікті елде онсыз да өршіп тұрған жұмыссыздық пен мемлекеттік қарыз мөлшерінің шарықтау шегіне жеткен кезеңде денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің күйреуіне әкеп соқтырды деп айыптауда. Қақтығыс қарсылық акциясына қатысушы ондаған адам полиция қорғанын жарып өтіп, билеуші "Халықтық партияның" кеңсесін басып алуға әрекеттенгеннен кейін болды. Сол уақытта шеруге қатысушылар құқық қорғау органы қызметкерлеріне тас пен бос шөлмектер лақтырса, ал полиция жағы көзден жас ағызатын газ бен резеңке шоқпар қолданып, резеңке оқ атқан. Белгілі болғанындай, аласапыранда 55 полицей мен шеруге қатысқан 17 адам жарақаттанған. Полициейлер қарсылық акциясы барысында белсенділік танытқан 29 адамды қамауға алғаны белгілі болып отыр. БАҚ мәліметі бойынша, тәртіпсіздік кезінде полицейлердің бір көлігі жүруге жарамсыз болып қалса, бір банктің кеңсесі тоналған. Тұрғындар арасындағы қарсылық шарасы 2011 жылы билікке премьер-министр Мариано Рахоя келген бойда әлеуметтік шығындар қысқартылып, салық көлемі артқаннан кейін орын алда. Дәл қазіргі уақытта елдегі жұмыссыздық көрсеткіші 26 пайызды құраса, бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5 пайызынан асып отыр.
Испанияда орын алған қарсылық кезінде Мадрид көшелеріндегі тәртіпсіздіктен 88 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Utro.ru. БАҚ таратқан мәлімет бойынша, көшедегі қарсылық акциясында полицейлермен арада болған төбелестен кейін жағдай ушыға түскен. Қарсылық акциясы ел үкіметі бірқатар салада үнемдеу шарасын жүзеге асыра бастағаннан кейін орын алған.
Мадридтегі тәртіпсіздік оппозиция өкілдері ұйымдастырған "Лайықтылар маршын" өткізгеннен кейін орын алды. Оған алты бірдей провинцияның тұрғындары қатысты. Испания үкіметіне қарсылық акциясын кәсіподақ мүшелері, азаматтық қызметкерлер мен ипотека алғандардың құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қолдап отыр. Олар билікті елде онсыз да өршіп тұрған жұмыссыздық пен мемлекеттік қарыз мөлшерінің шарықтау шегіне жеткен кезеңде денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің күйреуіне әкеп соқтырды деп айыптауда. Қақтығыс қарсылық акциясына қатысушы ондаған адам полиция қорғанын жарып өтіп, билеуші "Халықтық партияның" кеңсесін басып алуға әрекеттенгеннен кейін болды. Сол уақытта шеруге қатысушылар құқық қорғау органы қызметкерлеріне тас пен бос шөлмектер лақтырса, ал полиция жағы көзден жас ағызатын газ бен резеңке шоқпар қолданып, резеңке оқ атқан.
Белгілі болғанындай, аласапыранда 55 полицей мен шеруге қатысқан 17 адам жарақаттанған. Полициейлер қарсылық акциясы барысында белсенділік танытқан 29 адамды қамауға алғаны белгілі болып отыр. БАҚ мәліметі бойынша, тәртіпсіздік кезінде полицейлердің бір көлігі жүруге жарамсыз болып қалса, бір банктің кеңсесі тоналған. Тұрғындар арасындағы қарсылық шарасы 2011 жылы билікке премьер-министр Мариано Рахоя келген бойда әлеуметтік шығындар қысқартылып, салық көлемі артқаннан кейін орын алда. Дәл қазіргі уақытта елдегі жұмыссыздық көрсеткіші 26 пайызды құраса, бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5 пайызынан асып отыр.