Жалғас Жұмағұлов Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұлов Германияда өткен турнирде чемпион атанды instagram/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғас ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен титул кездесуінде Грузиядан келген қазіргі чемпион Бено Адамиямен (12-8-2) күш сынасты.

Адамия жекпе-жек алдында салмақ шегінен асып кеткендіктен, октагонға сары картамен шықты.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Жалғас жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Айта кетейік, Адамия бұл жекпе-жекке қатарынан алты рет жеңіске жеткен еді, бірақ бұл жолы Жумагұловқа есе жіберді. Ал Жалғас қатарынан төртінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Oktagon - Еуропадағы үздік лигалардың бірі.

Еске салайық, Жұмагұлов бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Ол промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. UFC-ден 2023 жылы кеткен.

Жалғас бұған дейін Fight Nights Global ұйымында чемпион болған. Ол 2018–2019 жылдары ең жеңіл салмақта бұл лиганың чемпиондық белбеуіне ие болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети