Жамбыл облысында жеңіл көліктер тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: видео кадры

Жамбыл облысындағы тас жолда жеңіл көліктерді тасымалдайтын жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы тас жолда жеңіл көліктерді тасымалдайтын жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тас жолының 531-ші шақырымында болған. 8 көлік тиелген жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген. Өртті Төтенше жағдайлар министрлігі тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Зақымдалған көліктің жүргізушісі құтқарушылар келгенше тиелген үш көлікті өрттен құтқарып үлгерді", - деп хабарлады ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысындағы Шымкент-Самара тас жолында жеңіл көліктері бар көлік аударылған болатын. Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 06:30 шамасында Маханбет ауылының маңында болған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети