Жамбыл облысында қайғылы оқиға: футболдан кейін оқушы көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қайғылы оқиға: футболдан кейін оқушы көз жұмды Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында полицейлер оқушының өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында полицейлер оқушының өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қыркүйекте Шу ауданына қарасты Көккайнар ауылында футбол ойыны аяқталған соң 10 және 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Жиналған балалар футбол ойнап жатқан, кіші сынып оқушылары үлкендерді жеңіп кеткен. Нәтижеге көңілі толмаған 11-сынып оқушысы 10-сыныптағы жасөспірімді ұрып тастаған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жәбірленушінің алған жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың өліміне байланысты Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 17 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір істі толық әрі жан-жақты тергеу үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети