Жамбыл облысында марихуана сатқан полиция майоры сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жамбыл облысында полиция майоры есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында полиция майоры есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, сотталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталып отыр.

Сотталушы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы лауазымын атқара отырып, бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғыны Щ.-мен танысқан.

Сондай-ақ, есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 гр "кептірілген марихуана" есірткі құралын заңсыз сатып алған.

Прокурор полиция майорына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы М. кінәсін мойындаған жоқ.

Алайда, сотталушының кінәсі дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен расталған.

Сот үкім шығармас бұрын оның жас балаларының болуын танып, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдетті. Ал өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы ауырлататын жаза қажет етеді.

"Сотпен "лауазымды адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған есірткі құралын заңсыз сатып алу, тасымалдау" бойынша саралау белгілері алынып тасталды, себебі қылмыстық қудалау органының бұл бөлімдегі тұжырымдары дәлелденген және негізделген деп танылмаған" делінді хабарламада.

Сот үкімімен М. ҚК-нің 297-б. 3-т. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, полиция "майоры" арнайы атағынан айыра отырып тағайындалды.

Қоса кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro