Жамбыл облысында танысына 1500 теңге қарыз берген ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында танысына 1500 теңге қарыз берген ер адам сотталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының соты қарызын қайтармаған адаммен төбелесіп, ауыр жарақат салған ер адамға шартты жаза тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы сотына сілтеме жасап хабарлады.


Жамбыл облысының соты қарызын қайтармаған адаммен төбелесіп, ауыр жарақат салған ер адамға шартты жаза тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы сотына сілтеме жасап хабарлады.

Тұрар Рысқұлов аудандық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта 2025 жылғы тамызда Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны, айыпталушы Б. жәбірленуші К.-ны мас күйінде көріп, одан 1500 теңге көлеміндегі қарызын қайтаруды сұраған.

Алайда жәбірленуші оны мойнынан қысып, қылқындырмақ болған. Осыдан кейін екеуінің арасында төбелес басталып, соның салдарынан айыпталушы жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, оның төрт қабырғасын сындырған.

Айыпталушының кінәсі тараптардың көрсетулері, медициналық қорытынды және іс материалдарымен дәлелденген.

Прокурор Б.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Айыпталушы кінәсін мойындап, жеңілірек жаза тағайындауды өтінген. Жәбірленуші айыпталушыны кешіріп, оны түрмеге қамауды сұрамаған.

Сот үкімі

ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот айыпталушының кінәсін мойындауын және оң мінездемелерін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын жағдайларды анықтамаған.

Нәтижесінде Б. кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course down  579.41  course down  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети