Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газдан уланып көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газдан уланып көз жұмды Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысындағы ауылда үйде газдан уланған үш бірдей қыз бала – 3, 5 және 7 жастағы әпкелі-сіңлілер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы ауылда үйде газдан уланған үш бірдей қыз бала – 3, 5 және 7 жастағы әпкелі-сіңлілер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жазылғандай, қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Сарымолдаев ауылында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең анасы балаларын үйде қалдырып, шаруаларымен кеткен. Үйге қайтып келгенде газдың өткір иісін сезген. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды", – делінген Instagram желісінде тараған хабарламада.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап беріп, бұл қайғылы жайтты растады.

"Меркі ауданындағы тұрғын үйде табиғи газдан улану салдарынан үш баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өткен жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әкімдіктердің үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жеткіліксіз екенін сынға алған болатын. Сол кезде Үкімет отырысында ол газ-техникалық инспекцияны жұмылдырып, әлеуметтік осал топтардың үйлерін есепке алып, барлық үйге тегін иіс газын анықтайтын құрылғы орнатуды тапсырған еді.

Бір ай бұрын осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында болған еді. Жеке үйде бір отбасы – жеті адам газдан уланып көз жұмды, оның бесеуі – балалар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети