11 қараша 2024 | 19:21

Жамбылда газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Тұрғындарды, экономиканы газдандыру экологиялық таза энергия көзіне қолжетімділікті арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартатыны белгілі. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке сәт сайын тапсырма берумен келеді. Соның арқасында аймақтың газдандыру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде.


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғындарды, экономиканы газдандыру экологиялық таза энергия көзіне қолжетімділікті арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартатыны белгілі. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке сәт сайын тапсырма берумен келеді. Соның арқасында аймақтың газдандыру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде.

"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – 11,5 миллионнан астам тұрғынды үздіксіз газбен қамтамасыз ететін еліміздегі тауарлық газдың ірі жеткізушісі. Кәсіпорын теңгерімінде 69 мың шақырым газ тарату желісі бар. Аталған акционерлік қоғамның облыстық филиалының басшысы Қанат Ордабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта өндірістік филиалдың теңгерімінде 7 163 шақырым газ құбыры пайдаланылуда.

"Осы газ құбырларының 1 421 шақырымы жоғары, 2 154 шақырымы орташа, 3 588 шақырымы төмен қысымды. Сондай-ақ 220 газ реттеу пункті, 1 456 шкафты реттегіш пункт, 23 061 жеке шкафті пункт бар. Тараз қаласы бойынша көгілдір отынның қызығын көріп отырған баспаналар саны – 235 729. Оның 73 848-і пәтер болса, 161 881 жеке тұрғын үй. Өндірістік кәсіпорындар саны – 442, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар саны – 6 728. Бір айта кетерлігі, 7 163 шақырым газ құбырларының 4 632-і "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының меншігінде болса, 1 920 шақырымы сенімгерлік басқаруда. 121 шақырым газ құбыры мемлекет қаражаты есебінен, 490 шақырым газ құбыры жергілікті халық қаражаты есебінен салынды. Бүгінде 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары 100 пайызға аяқталып, дайындық паспорты әзірленді. Атап айтқанда, 209 газ тарату пунктіне, 1 439 шкафтык газ реттеу пунктіне, 84 жерасты газ құбырларын электрохимиялық қорғаудың катодтық стансасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аспаптық әдіспен 2 313 шақырым жерасты полиэтилен газ құбыры, сондай-ақ тығыздығы бойынша (герметикалығына) 105 шақырым болатын жерасты газ құбыры зерттелді. Бүгінгі таңда облысымыздағы 10 ауданның 9-ы газдандырылса, Мойынқұм ауданы газдандырылмаған күйінде қалып отыр", – деген Қанат Апрелұлы облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 91,1 пайызға жеткенін сөз етті.

Былтыр облыс бойынша 7 елді мекен, биыл жоспарланған 14 елді мекеннің алтауы газдандырылыпты. Тауарлық газды тұтынушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Осыдан бір-екі ай бұрын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке абоненттер саны 228 121-ден 235 729-ға, өнеркәсіптік және коммуналдықтұрмыстық кәсіпорындар саны 6 820-дан 7 170-ке артқан екен.

Биыл жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқару шарттары бойынша газ құбырларын қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліпті. Осы жылы жасалған сенімгерлік басқару шарты негізінде ұзындығы 810 шақырым болатын 23 нысанның газ тарату құбырларын пайдалануға беру жоспары бекітіліпті. Нәтижесінде осы газ құбырларын пайдалану бойынша шығыстар 1 қыркүйектен бастап газ тасымалдау тарифіне қосылған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің бұйрығымен 2024-2025 жылдарға арналған газ тарату жүйелері бойынша тауарлық газды тасымалдау кызметтеріне тарифтің шекті деңгейі 7 871,40 теңгеге 1 000 текше метр мөлшерінде бекітіліпті.

"Бүгінгі таңда филиал қызметкерлерінің штаттык саны – 417. "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамынан "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына тарату газ құбырлары мен құрылыстарына техникалық кызмет көрсету және пайдалану жөніндегі кызметті кайта беру, трансформациялау шеңберінде биыл 16 сәуірден бастап 322 қызметкер еңбекақы төлеу шарттарымен ауыстырылды. Осы жылдың 8 айында тауарлық газды тасымалдау бойынша көлем 486 миллион текше метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 24 миллион текше метрге асыра орындалды. Сату бойынша көлем 1 253 миллион текше метр болса, жоспарға сәйкес орындалуы – 99 пайыз. Филиалдың даму жоспарлары турасында да айта кетсем, қызметтердің сапасын, сенімділігін, тиімділігін ескере отырып, газды тасымалдау және өткізу бойынша қызметтер көрсету – басты міндеттің бірі. Сол сияқты кәсіпорын бекітілген инвестициялық бағдарламаларды іске асырып, тұрмыстық газды кауіпсіз қолдану қажеттілігі туралы тұтынушылармен жұмысты жалғастыруда", - дейді Қ.Ордабаев.

"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ өндірістік филиалының бекітілген инвестициялық бағдарламасында 2024 жылға жалпы сомасы 37,254 миллион теңгеге жұмыстар атқару көзделген. Оның ішінде 34,350 миллион теңгеге 34 шкафты реттеу пунктін ауыстыру, 2,904 миллион теңге қаражатқа газ реттеу пункттеріндегі 7 реттегішті ауыстыру жоспарланған. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – тұтынушыларға газдың апатсыз және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқандықтан тозығы жеткен жабдықтардың салдарынан болатын апаттық жағдайлар санын азайтуға күш салынуда.

Жабдықтың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық бағдарламаны толық көлемде орындау мақсатында филиал шкафты реттегіш пунктті ауыстыру жөніндегі жұмыстардың сметалық құнын қайта карастырыпты. Осылайша ШРП-ны орнатуға байланысты қосымша материалдар мен жұмыстар азайған көрінеді. Үнемделген қаражат газ реттегіш пункттердегі реттегіштерді ауыстыру жұмыстарына қосылған екен.

Нақты инвестициялық бағдарлама 37,793 миллион теңгеге орындалған. Тарқатып айтқанда, 34 шкафты реттеу пунктін 28,629 миллион теңгеге, газ реттеу пункттеріндегі 6 реттегішті 9,164 миллион теңгеге алмастырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети