Жаңа Конституция: Бектенов әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жазбаларға қатысты тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Конституция: Бектенов әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жазбаларға қатысты тапсырма берді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Жаңа Конституция жобасы

31 қаңтарда Қазақстанның жаңа Конституциясының жобалық мәтіні жарияланды. Бұдан бір күн бұрын жаңа Конституция жобасын Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырған еді. Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституцияның алғашқы жобасы кіріспеден (преамбуладан), 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети