“Жаңа Конституцияда не өзгерді?“: Астанада “Референдум–2026“ онлайн-марафоны өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жаңа Конституцияда не өзгерді?“: Астанада “Референдум–2026“ онлайн-марафоны өтіп жатыр Видео кадры

Астанада жаңа Конституция жобасына арналған "Референдум–2026" онлайн-марафоны өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жаңа Конституция жобасына арналған "Референдум–2026" онлайн-марафоны өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс-шара ашық ақпараттық алаң форматында ұйымдастырылған, онда құжаттың негізгі ережелері түсіндіріліп жатыр. Марафон алты сағатқа созылады.

"Ток-шоу" және "Сараптама: бұрын және қазір" алаңдарында шамамен 100 спикер Конституциядағы басты өзгерістерді талқылап жатыр.

Назардың негізгі бағыттары: адамның мемлекеттік саясаттағы рөлі, заң мен тәртіп қағидаты, отбасы және неке мәселелері, ұлттық мәдениетті дамыту, Құрылтайдың қызметі, сондай-ақ, экологиялық жауапкершілік пен волонтерлік тақырыптары.

Сондай-ақ, ұсынылған түзетулердің азаматтардың өміріне қалай әсер етуі мүмкін екені жеке қарастырылып жатыр.

Марафон барысында ел тұрғындарының қандай ұсыныстары жаңа мәтінге енгізілгені және қоғамдық пікір ескерілгеннен кейін құжат редакциясы қалай өзгергені де айтылып жатыр.

Спикерлер қатарында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Басқару институтының директоры Куралай Садықова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева және басқа да сарапшылар мен қоғам өкілдері бар.

Іс-шара YouTube пен Facebook желілерінде республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың тікелей эфирінде көрсетіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети