Жаңа Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды Үкіметтің баспасөз қызметі

Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: "Есеп және аудит" (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және "Ақпараттық жүйелер" (Қазақ технология және бизнес университеті).

Мемлекеттік қызметін 2016 жылы бастаған, цифрландыру және электрондық мемлекеттік қызметтерге байланысты түрлі департаменттерде сарапшы және басшы қызметтерін атқарған. 2025 жылғы ақпаннан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаментінің директоры болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети