Жаңа Рим Папасы сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Рим Папасы сайланды ©️ Vatican News

Бейсенбі, 8 мамыр күні Ватикандағы конклав 267-ші Рим Папасын сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vatican News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейсенбі, 8 мамыр күні Ватикандағы конклав 267-ші Рим Папасын сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vatican News-ке сілтеме жасап.

Сәтті дауыс беру шіркеу қоңырауларының үнімен сүйемелденді. Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын кардиналдар төртінші турда сайлаған.

Жаңа Папаның есімін кардинал-протодиакон Доминик Мамберти жария етті. Ол Әулие Петр соборының балконына шығып, латын тіліндегі әйгілі сөз тіркесін: "Habemus papam!" ("Бізде Папа бар!") деп айтып, жаңа Папа — АҚШ кардиналы Роберт Прево екенін мәлімдеді. Ол Лев XIV есімін қабылдады.

Роберт Фрэнсис Прево 1955 жылы Чикагода дүниеге келген. Ол — АҚШ-тан шыққан тұңғыш Рим Папасы.

Папа сайланғаннан кейін кардиналдар оған адалдыққа ант береді. Содан кейін оны "Көз жасының бөлмесіне" алып барады, онда ол қызыл кардинал киімінен ақ түсті понтификтік сутанаға ауысады.

Кейін бас католик храмының балконына крест әкелініп, жаңадан сайланған Папа жұртшылық алдына шығып, дәстүрлі Urbi et Orbi ("Қала мен әлемге") батасын берді.

Бұған дейінгі Рим Папасы Франциск 21 сәуір күні таңертең 88 жасында дүниеден өтті. Оның өліміне созылмалы сырқаттарының аясында болған инсульт себеп болған. Ол 2013 жылдың наурыз айынан бері католик шіркеуін басқарған. Францискті Римдегі Санта-Мария-Маджоре базиликасында жерледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети