Жаңа Салық кодексін қабылдау қашанға жоспарланған?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Салық кодексін қабылдау қашанға жоспарланған? Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексін 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланғанын айтты, бірақ кейінге шегерілуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексін 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланғанын айтты, бірақ кейінге шегерілуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшібаев: "Жаңа салық кодексінің жобасын Парламентке қашан енгізуді жоспарлап отырсыздар?", - деп сұрады.

"Бізде ұлттық жоспар бойынша мерзім бар – келесі жылдың қыркүйегі, бірақ қазір талқылау барысында біздің және шетелдік сарапшылар бұдан да ұзақ уақыт қажет екенін айтады. Оны толық әзірлеу және нақтылау үшін кемінде бір жарым жыл қажет. Біз белгіленген мерзімде орындауға тырысамыз, бірақ алдағы жарты жылда өте белсенді жұмыс жүргізуіміз керек және бұл жұмыста мәселе жан-жақты шешіліп, талқылануы үшін сіздерден (депутаттар - еск.) қолдау күтеміз. Бірақ тапсырма бойынша 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізілгені жөн", - деп жауап берді Қуантыров.

Әшімбаев қателіктерге жол бермеу үшін жұмыс жылдам жүргізілмеуі керек деген пікірімен келісіп, жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына Сенат өкілдері де енгізілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети