Синоптиктер 6–8 тамыз аралығында Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
6 тамыз – Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 9–14 м/с, кей кездері 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде температура +12…+14°C, күндіз +24…+26°C болады.
7 тамыз – Бұлтты, кей жерлерде жаңбыр және найзағай. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел – шығыстан, жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
8 тамыз – Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.
Алматыдағы ауа райы болжамы
6 тамыз – Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстіктен, 3–8 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
7 тамыз – Ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
8 тамыз – Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 16 м/с дейін. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Қазақстандағы тамыз айының ауа райы
Қазгидромет болжамына сәйкес, 2025 жылғы тамыз айында Қазақстанда ауа райы контрасты болмақ: кей өңірлерде аптап ыстық пен қуаңшылық, ал басқа жерлерде – жауын-шашын мен температураның күрт ауытқуы күтіледі.
Айдың алғашқы онкүндігінде жылы ауа райы солтүстік пен шығысқа келсе, оңтүстік пен батыста керісінше – салқындау болжанады. Кейін ауа райы құбылмалы болады: ыстық күндер жаңбырлы және салқын күндермен алмасады. Найзағай, бұршақ және шаңды дауылдар болуы ықтимал. Жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда норма шегінде, бірақ солтүстік пен шығыста нормадан жоғары болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!