Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Бүгін, 21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды. Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес болды.

Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес болды.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 10-раундтың басында мексикалықтың көзінен қан кетті. Дәрігер оған жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген, бірақ командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Әлі жеңіліп көрмеген Тұраров үшін бұл 27-жеңісі болды. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети