Жапония премьер-министрі отставкаға кетуге дайын екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі отставкаға кетуге дайын екенін айтты x.com/shigeruishiba

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы түпкілікті шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mainichi басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы түпкілікті шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mainichi басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешім билеуші Либерал-демократиялық партиядағы (ЛДП) сынның күшеюіне және шілдеде Жоғарғы палата сайлауында коалицияның жеңілісі үшін Исибаны жауапқа тарту туралы талаптарға байланысты қабылданған.

Дереккөздердің хабарлауынша, Исиба бұған дейін жаңа көшбасшыны сайлау үшін партияішілік дауыс беруді болдырмау мақсатында төменгі палатаны таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін ескерткен. Алайда мұндай жоспар оның жақтастарының да наразылығын тудырды.

Премьер шешім қабылдамас бұрын бұрынғы үкімет басшысы Ёсихидэ Суга және ауыл шаруашылығы министрі Синдзиро Коидзумимен кездесті. Олардың Исибаны ЛДП ішіндегі алауыздықты ушықтырмауға көндіргені айтылды.

8 қыркүйекте ЛДП депутаттар арасында қол жиналып, партиядағы президенттік сайлауды жоспарланған 2027 жылдан ертерек өткізу қажеттін анықтамақ.

Еске салайық, Исиба ЛДП-ны 2024 жылғы қыркүйекте бесінші талпыныстан кейін басқарғанымен, арада бір ай өткенде оның коалициясы төменгі палатада көпшілік орнынан айырылған.

Шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониядан келетін импортқа жоғары кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Исиба жапон тауарларына тарифті 15 пайызға дейін төмендету туралы АҚШ-пен келісімге келген, бірақ тамызда АҚШ Жапонияны "арнайы қарым-қатынас" режимінен шығарып, жоғары тарифтер енгізді.

5 қыркүйекте отставкаға кетер алдында Сигэру Исиба Трамппен бірге Жапония мен АҚШ арасындағы кедендік тарифтерге қатысты сауда келісімін ресми түрде күшіне енгізетін жарлыққа қол қойғанын жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети