Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр instagram.com/housesofjapan

Жапонияда теңіз жағасындағы шағын үй бар болғаны 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TrendWatching Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда теңіз жағасындағы шағын үй бар болғаны 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TrendWatching Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арнаның мәліметінше, осы ақшаға сатып алушы екі қабатты, теңізге панорамалық көрініс ашылатын үйге ие болады. Сонымен қатар, қайық қоятын гараж, түрлі зат сақтайтын орын және өзінің шағын айлағы бар.

instagram.com/housesofjapan

Үй Окиносима өңірінде орналасқан. Бұл - Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасына қарайтын, Жапон теңізіндегі шалғай арал. Ол Оки аралдары архипелагына кіреді және ерекше табиғатымен, ежелгі тарихымен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен танымал.

Ал Men Today басылымы Жапонияда үйдің арзандауы бұрыннан бар құбылыс екенін жазды. Мұндай төмен баға туу көрсеткішінің азаюы мен халықтың қартаюына байланысты. Көп жағдайда үй иелері қайтыс болғаннан кейін баспаналар бос қалып, сондықтан оларды арзан бағаға сатылып жатыр.

Бұған дейін Грекияда Эгей теңізіндегі көрікті Антикифера аралына көшіп барғандарға 11,2 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын екені хабарланған еді.

Сондай-ақ, Италия билігі Милан мен Швейцарияға жақын орналасқан Варезе өңіріне қоныс аударған жас мамандарға 6000 еуроға дейін (шамамен 3,5 миллион теңге) төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети