"Жас баланы ұрып жатырсың!" Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жас баланы ұрып жатырсың!" Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды видео скрині

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 турниріндегі төбелестен кейін балуанмен киім ауыстыратын бөлмеде қайта ерегіскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 турниріндегі төбелестен кейін балуанмен киім ауыстыратын бөлмеде қайта ерегіскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Batyrball ойыны (күрес пен баскетбол қоспасы) кезінде болған. Эпизодтардың бірінде балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданғанын көруге болады, ал бұл боксшыға ұнамай қалған, содан кейін төбелес басталды. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде әрі қарай дауласқан. Сәпиев пен Мұсиханов бір-бірінің қолын алған, бірақ қайта төбелесе жаздады. "Сен маған "Енді олай жасама" дейсің. Мен де қызба адаммын" деді Сәпиев.

Кейін дауға балуанның жаттықтырушысы араласып, Сәпиевке "Мен оның жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің ғой. Сен Олимпиада чемпионысың ғой, жас баланы ұрып жатырсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?" деді.

Соңында Сәпиев пен балуан қол алысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети