Жасанды интеллект жасушаларды жасартуды 50 есе жылдамдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасанды интеллект жасушаларды жасартуды 50 есе жылдамдатты Фото:depositphotos.com

OpenAI мен Retro Biosciences адам ағзасындағы әртүрлі тінге айнала алатын жасушаларды қайта бағдарламалау маркерлерінің белсенділігін 50 есе арттыруға қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OpenAI-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

OpenAI мен Retro Biosciences адам ағзасындағы әртүрлі тінге айнала алатын жасушаларды қайта бағдарламалау маркерлерінің белсенділігін 50 есе арттыруға қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OpenAI-ға сілтеме жасап.

Оолар GPT‑4b micro атты арнайы жасанды интеллект моделін жасап, адам жасушаларын жасартуды 50 есе жылдамдатқан.

"Яманака факторлары" деп аталатын төрт ақуыз GPT‑4b micro арқылы биомедициналық деректер негізінде үйретіліп, қартаюға бет алған жасушаларды жас жасушаларға тез айналдыруға мүмкіндік алды. Бұл жасушалар кез келген тінге айнала алады.

Табиғи жағдайда бұл ақуыздардың белсенділігі өте төмен, ал жасушаларға қолдан жас енгізу бұрын баяу әрі тиімсіз болатын. Компания ақуыздардың жаңа нұсқалары олардың тиімділігін 50 есе арттырып, қарт донорлардың жасушаларын тез "жасартуға" мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, бұл ақуыздар ДНҚ-ның зақымданудан кейін қалпына келу процесін де жеделдеткен.

Retro Biosciences шамамен бір миллиард доллар инвестиция тартып үлгерген. Алдағы жоспарлар - Альцгеймер сияқты жасқа байланысты ауруларға қарсы терапиялар жасау, сондай-ақ ми мен қан түзуші тіндерді қалпына келтіру.

Әртүрлі болжамдарға сәйкес, клиникалық сынақтардың толық циклі 2027 жылдың аяғына дейін аяқталуы мүмкін.

Бұған дейін біз ағзаны жасартудың дәстүрлі тәсілдері туралы жазғанбыз. Мысалы, DO-HEALTH зерттеуі омега-3 қабылдаудың биологиялық жасқа нақты әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети