"Жастар денсаулығын қорғауда ақпараттық жұмысты күшейту қажет"

viewings icon 87 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Шымкент ішкі саясат басқармасы Фото: Шымкент ішкі саясат басқармасы

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша Алқа отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда басым бағыттарды атап берді. Жиынға қала жастары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша Алқа отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда басым бағыттарды атап берді. Жиынға қала жастары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты.

Алдымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова қалада жастар ресурстық орталықтары 12 бағыт бойынша іс-шаралар атқарып жатқанын атап өтіп, жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды баяндады. Басқарманың мәліметінше, бүгінде қалада 390 мыңға жуық жас бар.

Алқа мәжілісінде қалада жастар саясатын жүзеге асырудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті. Атап айтқанда лудомания, есірткі қылмысының алдын алу, жастар денсаулығын қорғау және басқа бағыттарда мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды.

"Жастар - ұлттың болашағы. Сондықтан жастар тәрбиесі салғырттықты кешірмейді. Азаматтардың денсаулығын қорғауда жастар ресурстық орталығы, денсаулық сақтау басқармасы кешенді жұмыстарды қолға алу керек. Профилактикалық, скринингтік тексеру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту қажет. Қазіргі таңда суицид мәселесі де алаңдатып отыр. Бұл - өте күрделі мәселе. Жастармен ақылдаса отырып, алда ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жандандыру бойынша телеграм және ютуб канал ашуды да ойластырып көреміз", - деді Сәрсен Абайұлы.

Жарыссөзге шыққан "Студенттік емхана" ЖШС дәрігері Тимур Байдуллаев жастарға МӘМС туралы көбірек насихат жүргізудің маңызды екенін алға тартып, жастарға өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырды. Сондай-ақ, жиында қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Шымкент ішкі саясат басқармасы ұсынды
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю