Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай? Абай облысы ПД

Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу салдарынан 2 300-ге жуық жүргізуші айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу салдарынан 2 300-ге жуық жүргізуші айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаяу жүргіншілерге жеткілікті назар аудармау жол апаттарының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Жаяу жүргіншілер жолағында жол бермеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

2024 жылы бір ғана Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу себепті 2 296 жол қозғалысы ережесінің бұзылуы анықталды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілерге хаттама толтырып, айыппұл салды.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 600-бабына сәйкес жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысының қатысушыларына жол бермеу ережесін бұзған жағдайда 39 320 теңге немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Егер осы құқықбұзушылық жыл ішінде қайталанса, айыппұл 58 980 теңгеге дейін, яғни 15 АЕК-ке дейін артады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети