Жазған, қоңырау шалған, видеоға түсірген: Астанада әйелдің қыр соңынан қалмаған тұрғын сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазған, қоңырау шалған, видеоға түсірген: Астанада әйелдің қыр соңынан қалмаған тұрғын сотталды Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Астанада сот 6 ай бойы бір әйелді аңдып, мазалаған ер адамға үкім шығарды. Әйел онымен сөйлескісі келмейтінін айтса да әрі оған жақындамау туралы қорғау нұсқамасы болса да, ер адам тоқтамаған. Сот оны сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сот 6 ай бойы бір әйелді аңдып, мазалаған ер адамға үкім шығарды. Әйел онымен сөйлескісі келмейтінін айтса да әрі оған жақындамау туралы қорғау нұсқамасы болса да, ер адам тоқтамаған. Сот оны сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ер адам жәбірленуші әйелдің онымен қандай да бір қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін білген. Соған қарамастан ол әйелге үнемі хабарлама жазып, қоңырау шалған, сондай-ақ, үйі мен жұмысы маңында аңдып жүрген.

Ер адам сөйлесуді доғаруға қойылған талаптарды, мессенджерлерде бұғатталғанын және қорғау нұсқамасының шарттарын елемеген. Бұған қоса, жәбірленушінің келісімінсіз видеоға түсіріп, оған психологиялық қысым көрсеткен.

Мемлекеттік айыптаушы сотта әйелдің жеке бостандығы, қауіпсіздігі және жеке өміріне қол сұқпау құқықтарының бұзылғанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Сот үкімімен айыпталушы сталкинг бойынша кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, моральдық зиянды өтеу міндеттелді.

Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтегені және оның орындалу талаптарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әйелдерді мазалап, аңдыды деген күдікпен екі ер адам қамауға алынған еді. Екі жағдайда да күдіктілер жәбірленушілермен бұрыннан таныс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.52  course up  585.95  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети