Желіде "коронавирус биі" тарап жатыр

Видеодан алынған кадр

Вьетнамның денсаулық сақтау департаменті коронавирусқа байланысты дүрбелеңді тыныштандыру үшін "Қызғаншақ коронавирус" атты видеоклип жариялады, - деп хабарлайды IranPrimer.

Вьетнамның денсаулық сақтау департаменті коронавирусқа байланысты дүрбелеңді тыныштандыру үшін "Қызғаншақ коронавирус" атты видеоклип жариялады, - деп хабарлайды IranPrimer.

Жарияланған видеода вирустың қалай таралғаны, қайдан шыққаны және оны жұқтырмау үшін не істеу керегі айтылады.

Реклама
Реклама

"Қолымызды жуамыз, сүртеміз, сүртеміз", - делінген видеода.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде коронавируспен күресу мақсатында видеолар жариялап жатыр.

Иран коронавирустан қайтыс болғандар бойынша 2-орында тұр

Иранда індет жаппай таралуына қарамастан жергілікті халық мойымай, Twitter желісінде флешмоб бастап, видеолар жариялап жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама