03 наурыз 2020 09:48

Иран коронавирустан қайтыс болғандар бойынша 2-орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Иран коронавирустан қайтыс болғандар бойынша екінші орында тұр, - деп хабарлайды "Хабар24".


Иран коронавирустан қайтыс болғандар бойынша екінші орында тұр, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, дүние жүзінде коронавирустан көз жұмғандар саны соңғы тәулікте 3125 адамға жетті. Шығыстағы көршімізден кейін коронавирустан соңғы 24 сағатта науқас ең көп қайтыс болған ел Оңтүстік Корея болып отыр: 6 адам. 

Індеттің ошағы Қытайда өлім-жітім көрсеткіші осы кезге дейін 2944 адам, Иранда 66 адам, Италияда 52 адам болса, Кореяда 40 адам болды. 

Сондай-ақ, коронавирустан әлем бойынша 48 137 адамның айығып кеткені айтылады. Осы дерттен айығып кеткендерді қоса алғанда әлем бойынша коронавирусты барлығы 90 925 адам жұқтырған.

Кеше коронавирус жұқтырған ирандық шенеуніктің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оған дейін Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи мен Иранның әйелдер және отбасы істері жөніндегі вице-президенті Масуме Эптекар коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ, өткен аптада коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хоссровшахи қайтыс болғаны айтылған еді.

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети