1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

COVID-19 тағы бес елде анықталды

© Reuters © Reuters

3 наурыздағы таңғы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны әлемде - 3114, жұқтырғандар - 90 370, сауығып шыққандары 47 мың. Бұл туралы South China Morning Post денсаулық сақтау мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қытай территориясында 2943 адам COVID-19-дан қайтыс болған, 80 151 адам жұқтырған. Бір тәулікте вирустан 31 адам қайтыс болған - барлығы да Хубей провинциясынан, 24-і Уханда, 125 адам жұқтырып, 2742 адам сауығып кеткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен.

Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

ДДСҰ мәліметінше, Қытайдан басқа 64 елде вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Бір күннің ішінде Қытайдан басқа елдерде бір тәулікте жұқтырудың 1598 дерегі тіркелген, сөйтіп жалпы 8774-ке жеткен. 

Алдайда ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясын жариялауға ерте дейді. 

"Күн сайын жағдайды бақылап отырмыз. Жұрттың қорқып отырғанын білеміз... Бірақ 130-дан аса елде бірде-бір COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелмеді", - деді ол.

Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Мароккода Италияда тұрып жатқан азамат жұқтырған. 2М телеарнасының мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты.

Сауд Арабиясында Ираннан Бахрейнге келген корольдік өкілінен анықталған. "Бұл адаммен байланыста болғанның бәрі тексеруден өткізіліп жатыр", - делінген сауд денсаулық сақтау министрлігінің хабарында. 

Латвияда денсаулық сақтау министрлігі бір адамның ауру жұқтырғанын хабарласа, Тунисте коронавирус Италиядан оралған 40 жастағы азаматтан анықталған.

Италияда екі мыңнан аса адам ауру жұқтырған, қайтыс болғандардың саны 18 адамға көбейіп, 52-ге жеткен. 149-ы айығып кеткен. Швейцарияда коронавирус жұқтырғандардың саны 30-ға дейін көбейді. Науқастанғандар оқшауланып, олармен байланысы бақылауға алынған.

Мәскеуде COVID-19 жұқтырған 24 адам ауруханаға түскен.

Сейсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Оңтүстік Кореяда тағы 600 адам жұқтырғаны анықталып, жалпы саны 4812-ге жеткен. Тағы екі адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!