04 наурыз 2020 09:07

Коронавирус тағы 8 елде анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс елдерде тағы 1,7 мың адам коронавирус жұқтырғанын анықтады, жалпы жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс елдерде тағы 1,7 мың адам коронавирус жұқтырғанын анықтады, жалпы жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости

Ұйым сайтындағы мәлімет бойынша, Қытайдан тыс мемлекеттерде вирус жұқтырғандардың саны - 10 566 адам. Соңғы тәулікте 72 елде тағы 1792 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың саны - 166 (бір тәулікте 37). 

Украинада коронавирус тіркелді

Вирус тағы сегіз елде - Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған. 

ДДСҰ соңғы мәліметі бойынша, Қытайдың өзінде коронавирус жұқтырғандарды жалпы саны - 80304 адам болса, 2946 адам қайтыс болған. Бүкіл әлемде вирусты 90 870 адам жұқтырған. 

Германия тұрғындарының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін - вирусолог

Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметі бойынша, коронавирусқа қарсы айына 89 миллион медициналық маска керек. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Ал кеше COVID-19 тағы бес елде анықталғаны белгілі болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети