05 наурыз 2020 09:25

Коронавирус тағы төрт елге тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны 12668 адамға жетті. Бұл - 76 елде тіркелген көрсеткіш. Соңғы бір тәулікте 2103 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал Қытайдан тыс жерде қаза тапқандар 214-ке (бір тәулікте 48) жетті. 

Вирус тағы төрт елге тарады, олардың ішінде Аргентина, Чили, Польша мен Украина бар.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирус жұқтырғандар саны - 80 422 адам (бір тәулікте 120). 2984 адам қайтыс болған (бір тәулікте 38). Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 93 090 адамға (бір тәулікте 2223) жетті.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети