04 наурыз 2020 09:21

Коронавирус жаппай таралуы қашан тоқтайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Коронавирус індетінің жаппай таралуы мамырда тоқтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус індетінің жаппай таралуы мамырда тоқтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, күн жылыған соң кейбір елдерде коронавирус індетінің тарауы тоқтайды.

"Коронавирус ультракүлгін сәулелерге төзе алмайды. Наурызда вирус тоқтайды, себебі күн сәулесі болғанда вирус шыдай алмайды. Ал мамырда бұл індет аяқталады. Дегенмен вирус ешқайда кетіп қалмайды, ол тұмау ретінде тарала береді, бірақ оны жұқтыратындардың саны күрт азаяды", - деді Саят Қауметбаев.

Сондай-ақ, сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.

"Әрине, халық көшеде топ-топ болып жүреді, содан бір-біріне жұқтырады. Бір Уханның өзіне Қазақстан тұрғындарын сыйғызуға болады", - дейді ол.

Соңғы деректер бойынша коронавирус тағы 8 елде анықталды.

Вирус тағы сегіз елде - Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған. 

ДДСҰ соңғы мәліметі бойынша, Қытайдың өзінде коронавирус жұқтырғандарды жалпы саны - 80304 адам болса, 2946 адам қайтыс болған. Бүкіл әлемде вирусты 90 870 адам жұқтырған. 

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Ал кеше COVID-19 тағы бес елде анықталғаны белгілі болған еді, оның ішінде Үндістан мен Украина да бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети