04 наурыз 2020 10:57

Коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәлімет расталмады - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 наурызда Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде Қазақстан азаматында COVID-19 вирусы анықталғаны хабарланды. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, клиникадан қашып кеткен қазақстандықты қазір полиция іздестіріп жатыр. Бұл ақпарат "Хабар 24" арнасында да таралды. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі қажетті іс-шараларды жүргізді, бұл мәлімет расталған жоқ", - деді Смадияров брифинг барысында.

"Жергілікті полициямен және ол сол азаматпен байланысқа шықтық. Ол клиникаға бармаған және коронавирусқа ешқандай сараптама жасамаған. Полицейлердің мәліметінше, қазақстандық азамат қоғамдық жерде тамақтанған, ал ол жерде коронавирус жұқтырған адам да болған. Біздің отандасымыз барлық қажетті процедуралардан өтіп, жергілікті билік өкілдерімен байланыста болуға дайын екенін айтты", - деді Смадияров. 

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық азаматтың Кореяда коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Қазақстандықтың дертке шалдыққаны туралы Ансонг қаласының полицейі мәлімдеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети