03 наурыз 2020 19:34

Қазақстандық азамат Кореяда коронавирус жұқтырған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қазақстандықтың дертке шалдыққаны туралы Ансонг қаласының полицейі мәлімдеген. Ол әлеуметтік желіде қазақстандыққа іздеу салынғаны туралы жазба қалдырған. Телеарна тілшісі құзырлы орган өкілімен байланысқа шығып, мән-жайды сұрап білген.

Полицей ақпаратты растап, санитарлық дәрігерлердің қашып кеткен қазақстандықты іздеп табуды өтінгенін айтқан. Ол тест тапсырып болған соң, әжетханаға сұранып, артынша оралмағаны белгілі болды. Полиция қызметкері Отандасымыздың аты-жөнін атады. Ол осыдан екі күн бұрын COVID-19 бойынша тест тапсырған. 

Қазақстан азаматы Гунпо қаласынан Ансонг қаласына жуырда қоныс аударған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети