Жетісу облысында интимнен кейін ер адамдарды бопсалаған топ құрықталды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында интимнен кейін ер адамдарды бопсалаған топ құрықталды Фото:depositphotos.com

Жетісу облысы полициясы Талдықорғанда ер адамдардан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы полициясы Талдықорғанда ер адамдардан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Топ құрамында бірнеше қыз және олардың сыбайластары болған. Олар әлеуметтік желіде танысып, интимдік қатынасқа итермелегеннен кейін жалған айып тағамыз деп қорқытып, ақша талап еткен.

Тергеу дерегінше, қылмыскерлер бір жәбірленушіден 350 мың теңге, екіншісінен 900 мың теңгеден астам ақша алған. Басқа жағдайларда 800 мың, 795 мың, 600 мың, 1,5 миллион және 1 миллион теңге бопсалаған. Бір эпизодта "кәмелетке толмағанды зорлауға оқталу" деген жалған айыппен 800 мың теңге иемденген. Кейбірінде полиция қызметкеріміз деп танысып, күш қолданып, 500 мың теңге тартып алған.

Барлығы 9 күдікті 11 ер адамнан ақша алғаны анықталды. Олар қамауға алынды. Полиция интернет арқылы танысқанда сақ болуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети