Талдықорған – Текелі автожолында, Жетісу облысы аумағында төрт көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 31 қаңтарда Талдықорған-Текелі тасжолында төрт көлік жол апатына ұшыраған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жол апаты салдарынан бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Ауруханаға жеткізілгендердің біреуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі оқиға болған күні қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!