20 желтоқсан 2023 | 20:47

Жетісуда бюджет қаражатының 60% астамы әлеуметтік салаға бағытталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1,5 трлн. теңге болып бекітілді, соның ішінде 506,6 млрд.теңгесі – өңірдің 2024 жылға арналған бюджеті. Бюджет қаражатының басым бөлігі немесе 60,2% әлеуметтік салаға жұмсалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Иконка комментария блок соц сети

Облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1,5 трлн. теңге болып бекітілді, соның ішінде 506,6 млрд.теңгесі – өңірдің 2024 жылға арналған бюджеті. Бюджет қаражатының басым бөлігі немесе 60,2% әлеуметтік салаға жұмсалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Сессияға дейін облыс бюджетінің жобасы облыстық мәслихаттың жұмыс тобы мен тұрақты комиссияларының отырыстарында бірнеше рет қаралып, депутаттардың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып пысықталды. Әрбір сала бойынша бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бірінші кезекте қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуына ерекше назар аударылды", - деп атап өтті облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.

Ал нақты қандай бағдарламаларға қаражат бөлінгені туралы облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов баяндады. Оның айтуынша, 506,6 млрд. теңгенің 204,4 млрд. теңгесін білім беру саласына бағыттау жоспарлануда, оның 121,6 млн. теңгесін интернетпен қамтылмаған шалғай ауылдардағы 68 мектепті Starlink жылдам интернет жүйесіне қосуға, 18,3 млрд. теңге денсаулық сақтауға, 32,6 млрд. теңге әлеуметтік қамсыздандыруға, 14,7 млрд. теңге мәдениетке және 27,2 млрд.теңге спортқа жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ халыққа қолжетімді тұрғын үй салуға 6,3 млрд.теңге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға тағы 3,3 млрд. теңге бөлінді.

"Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылға арналған бюджетте шаруашылықтарды субсидиялауға 22,2 млрд. теңге көзделген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін республикалық бюджеттен қосымша 10,5 млрд. теңге қарастырылуда, оның 3,5 млрд. теңгесі – ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен шағын несие ретінде "Ауыл аманаты" бағдарламасымен беріледі. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ірі жобаларға жеңілдікті несиелер беруге 7 млрд. теңге бөлінді", - деді Ә. Қанағатов.

Сумен, жылумен және газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу мен реконструкциялау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін қорғауды қолдау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларға да басымдық беріліп отыр.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістер туралы хабарлады.

Сессия барысында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге, Жетісу облысы аумағында қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Елдос Мырзабек қысқаша баяндама жасады.

Сондай-ақ мәслихаттың "Облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Даркен Нұржанов айтып берді.

"Сіздер үш жылдық бюджетті қолдадыңыздар. Әрине, болашақта Президент пен Үкіметтің тапсырмаларына байланысты түзетулер енгізілетін болады. Сондай-ақ аудандар мен қалаларды аралау кезінде, халықпен кездесулер барысында жедел шешуді талап ететін өзекті мәселелер туындауы мүмкін. Бюджет алдыңғыдай әлеуметтік салаларға бағдарланған. Қаражаттың 60%-дан астамы сол салаларға бағытталып отыр, 2023 жылы оған 58,4% жұмсалған болатын. Жалпы 11 айдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы экономиканың өсу қарқыны бойынша бірінші орынды иеленді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,9% құрады. Сонымен қатар бұл өсім маусымнан бастап 6 ай бойы сақталады. Ел Президенті біздің өңірге келген жұмыс сапары барысында атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Мұның бәрі – облыс құрылған күннен бастап 1,5 жыл бойы біздің атқарған ортақ еңбегіміздің айқын нәтижесі. Өңірдің әр тұрғыны өз үлесін қосты. Сонымен қатар біздің алдымызда жаңа маңызды міндеттер тұр. Ірі кәсіпорындар ашып, экономиканың түрлі салаларында маңызды жобаларды іске асыруымыз керек. Тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеп, кеңес алып, талқылап, өңірдің проблемалық мәселелерін бірге шешкен маңызды. Сіздерге көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін", - деп қорытындылады сөзін облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Өз кезегінде Гүлнар Тойлыбаева 2024-2026 жылдарға арналған бюджетте өңір тұрғындарының өтініштері мен тілектері негізінде жасалған 20 депутаттық сауалды қолдауға қаражат көзделгенін атап өтті. Бұл – бірінші кезекте халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және өңірдің сапалы әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жұмыстың нәтижесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жетісу облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети