Jusan Bank қазақ тілінде қаржы сауатын ашатын YouTube-арна ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Jusan Bank қазақ тілінде қаржы сауатын ашатын YouTube-арна ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі жобаның алғашқы көрсетілімінде болып, ойын ұйымдастырушылармен сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Jusan Bank қазақ тілінде қаржы сауатын ашатын YouTube-арна ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі жобаның алғашқы көрсетілімінде болып, ойын ұйымдастырушылармен сұхбаттасты.

9 маусымда Jusan Bank-інің қолдауымен жаңа жоба басталды. БайLIKE - елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа шоу-подкаст. Жобада елімізге танымал 4 жұлдыз қаржы сауатына қатысты сұрақтарға жауап беріп, бақ сынайды. Жобаның басты мақсаты - халықтың экономика және қаржы сауатын ашу. Подкаст әр апта сайын Esepshot by Jusan арнасында жарияланып отырады.

Алғашқы шығарылымға әзілкеш Қабдол Тлеков, актриса Жазира Еркін, актер Айдар Асқарбек және әнші Элизат Берікова қатысты. Ал жоба жүргізушісі - танымал актер, жүргізуші Қайрат Әділгерей.

Жоба жеткешісі, Jusan Bank-тің маркетинг департаментінің маманы Ғалия Нұрғазиеваның айтуынша, бұл қазақстандықтардың қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған алғашқы қазақ тіліндегі жоба.

"Esepshot - Youtube-тегі қаржы сауаты туралы алғашқы қазақ тіліндегі жоба. Біз де қазақ тілінің дамуына, банк болған соң қаржыға қатысты контентке үлес қосқымыз келеді. Бұл арнада енді тек қызық әрі пайдалы контент болмақ. БайLIKE ойынынан басқа, арнада Береке Алтаев және Марлен Қосақов жүргізетін қаржы сауатына қатысты сабақтар және Самат Әжібеков жүргізетін бизнес-талдау бар. Бизнес-талдауда жүргізуші түрлі бизнес өкілдерін шақырып, олардың жетістікке жету жолын, кәсіп жүргізу техникасын талдайды. Біз өз кезегімізде бұл жобаға бастан-аяқ көмектестік. Оларға тек қаржылай емес, сонымен қатар, ақпараттық қолдау білдіріп, қолымыздан келгенді аямадық", - деді ол.

Бұған қоса ол банк қазақ тіліндегі сапалы жобалар мен контенттің дамуына үлес қосуға ниетті екенін сөз етті.

Жоба продюсері Айгерім Жуконаеваның айтуынша, жобаға 72 қатысушы таңдалған. Олардың ішінде: актерлер, актрисалар, әншілер бар. Жоба ұйымдастырушысы ойынның 2-маусымында танымал емес, қарапайым халықты да қатыстыру ойда барын айтты. Ол алдымен халықтың пікірін біліп алған жөн дейді. Сондай-ақ, Айгерім ойынның шартын түсіндірді.

"Ойында ұтқан адам жинаған ұпайына сәйкес ақшасын алады. 1 Jusan - мың теңге. Егер қатысушы ұпай жинамаса немесе минусқа кетсе, ол ештеңе төлемейді. Негізі бізде дайын 18 түсірілім бар. Олар аптасына 1 рет Youtube-те шығып тұрады. Одан басқа Instagram, Youtube, TikTok бар. Youtube-те тек ойын емес, түрлі видеолар да бар. Жалпы Esepshot Youtube-арнасы 4 ай бұрын пайда болды. Онда ақшаны қалай жинау керек, ЖК қалай ашу керек деген сұрақтарға жауап береміз", - деді Айгерім.

Айгерім Жуконаеваның айтуынша, бұл ойынның Қазақстанда баламасы жоқ.

Қайрат Әділгерей

"Дайын ештеңе болған жоқ. Бұл ойын үшін біз арнайы сценарист пен сұрақ дайындайтын, кеңес беретін мамандарға жүгіндік. Ойын конструкциясын көп өзгерттік. Өзімізге ұнамайынша түзете бердік. Түрлі Youtube-арналардан шабыт алдық. Қазақ тілінде қаржы сауатын толық ашып түсіндіретін арнаны білмеймін. Қайрат Әділгерей тұрақты түрде жүргізуші болады. Оған көп рақмет. Оған алғаш жүгінгенімізде қатты қуанды, бірден келісе кетті. Қайрат Әділгерей де қаржылай сауатты болғысы келетінін, Қазақстанда қаржы мәселесін шеше алмайтындарға көмектескісі келетінін айтты. Ал сұрақ әзірлеуге Jusan мамандарының көп көмегі тиді", - деді ол.

Айта кетейік, ойын әр апта ЕсепShot by Jusan Youtube-арнасында шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro