05 наурыз 2020 11:02

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 17,9 миллиард теңге аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді.

2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан аса алушының зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 миллиард теңге болды. Оның ішінде:

- зейнет жасына толуға байланысты - 7,4 миллиард теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты - 4,8 миллиард теңге;

- сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 миллиард теңге;

- мұрагерлік бойынша - 2,5 миллиард теңге;

- жерлеуге байланысты - 311 миллион теңге;

- мүгедектігі бар жандарға - 200 миллион теңге төленді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 803 теңге болды.

"Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектік, мұрагерлік және сот шешімі бойынша біржолғы төлемдер кіреді. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 446 794 теңге болды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети