Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды Видео кадры

20 шілдеде Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 шілдеде Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жоғары магнитудалы жер сілкінісі Тынық мұхитта, Ресейдегі Комсомольск-на-Амур қаласынан (халқы – 275 000 адам) шығысқа қарай 1641 шақырым жерде және Петропавловск-Камчатский қаласынан (187 000 адам) шығысқа қарай 136 шақырым жерде, жергілікті уақытпен сағат 16:49-да (Астана уақытымен 12:49-да) тіркелген.

Бұл қалалардың тұрғындары жер асты дүмпулерін сезген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Жер сілкінісінен кейін бірнеше дүмпу болған. Ең төменгі магнитудасы – 6 балл.

Сонымен қатар, Тынық мұхиты цунамиден қорғау орталығы Камчатка түбегінде бірнеше жер сілкінісінен кейін цунамидің болуы мүмкін екені туралы ескерту жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети