Қар мен үсік: Алматыда күн күрт суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар мен үсік: Алматыда күн күрт суытады Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Метеорологиялық қызмет пен жергілікті болжамға сүйенсек, Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт суиды. Алдағы аптада қалада қар жауып, түнде температура минус 21 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Метеорологиялық қызмет пен жергілікті болжамға сүйенсек, Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт суиды. Алдағы аптада қалада қар жауып, түнде температура минус 21 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел шығыстан, секундына 3–8 метр. Ауа температурасы күндіз +4…+6, түнде –1…–3 градус.

8 желтоқсанда қалада көшпелі бұлтты, жер-жерде әлсіз жауын-шашын күтіледі, ұсақ мұз түйіршіктері түріндегі аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5–10 метр. Түнде ауа температурасы –2…–4 градусқа дейін төмендейді, күндіз +2…+4 градусқа дейін көтеріледі.

9 желтоқсанда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде –8…–10 градус, күндіз 0…+2 градус.

10 желтоқсанда бұлтты ауа райы болады, кей жерлерде қар жауады. Жел солтүстіктен, секундына 3–8 метр. Сонымен қатар аяз едәуір күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –7…–9 градус, түнде одан әрі төмендеп, –18…–21 градусқа жетеді.

11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын күтілмейді, бірақ күн аяз болады: түнде –10…–12, күндіз –4…–6 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети